Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Тоқаев шетелдік жұмысшыларға арналған квоталар туралы: Бұны тоқтату керек 21 қаңтар 2022, 13:46

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бизнесмендерді шетелдік жұмысшылар үшін квота санын азайтып, қазақстандықтарды тартуға шақырды, - деп хабарлайды
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бизнесмендерді шетелдік жұмысшылар үшін квота санын азайтып, қазақстандықтарды тартуға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Президент елімізде, әсіресе жастар арасында жұмыс істейтін азаматтар саны жеткілікті деп санайды.

"Мен келесі мәселеге ерекше тоқталғым келеді. Жеке кәсіпкерлердің шетелдік жұмысшыларға арналған квоталарды кеңейту идеясын алға тартқанын дұрыс емес деп санаймын. Біз тек кейбір мамандандырылған мамандар туралы ғана айта аламыз, олар үшін шынымен де, елде тапшылық бар.

Біздің қазақстандықтардың жалақыны көтеруді талап етуіне немесе тиісті ұқыптылық танытпауына байланысты шетелдіктерді көптеп әкелу туралы әңгімені тоқтату керек. Елімізде жұмыс істейтін азаматтар, әсіресе жастар саны жеткілікті", - деді Тоқаев Нұр-Сұлтанда бизнес өкілдерімен кездесу кезінде.

Президенттің айтуынша, ел алдында еңбек идеологиясын енгізу міндеті тұр.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев "Болашақ" білім беру бағдарламасының жұмыс бағытын өзгертетінін айтқан болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram