11 қаңтар 2022 11:07

Тоқаев Смайыловты премьер-министр қызметіне ұсынды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әлихан Смайыловты премьер-министр қызметіне ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әлихан Смайыловты премьер-министр қызметіне ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Депутаттар Әлихан Смайыловтың кандидатурасын талқылауға кірісті.

"Мемлекет басшысының жетекшілігімен елдің егемендігі мен ұлттық қауіпсіздігін нығайтуға, халық үніне құлақ асатын мемлекет құруға бағытталған өзгерістер жүзеге асып жатыр. Азматтардың заңды талаптары ескеріліп іске асырылатын болады. Қасым-Жомарт Кемелұлы, елдегі әлеуметтік экономикалық жағдайды тұрақтандыру халықтың тұрмысын жақсарту бойынша тапсырмаларыңыз Үкімет үшін басты міндеттер болады", - деді Смайылов.  

Еске салайық, 5 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметті отставкаға жіберу туралы Жарлыққа қол қойды. Әлихан Смайылов премьер-министрдің міндетін атқарушы болып тағайындалған еді. 

Айта кетейік, Әлихан Смайылов 2015 жылдан бері Мемлекет басшысының көмекшісі қызметін атқарған болатын. Оған дейін 2009-2014 жылдар аралығында Қазақстан Статистика агенттігінің төрағасы болды. Осы күнге дейін екі рет қаржы министрінің орынбасары болып тағайындалды. Ал 2019 жылы Үкімет отставкаға кеткенге дейін қаржы министрі болды. 2019 жылы 25 ақпаннан бастап премьер-министрдің бірінші орынбасары - қаржы министрі қызметіне мақұлданды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети