04 маусым 2020 15:43

Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетіне бірқатар тапсырма берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Akorda.kz © Akorda.kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитеті алқасының кеңейтілген отырысын өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 


Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитеті алқасының кеңейтілген отырысын өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысы өткізген жиынға Ұлттық қауіпсіздік комитеті орталық аппаратының және аймақтық бөлімшелерінің басқарушы құрамы қатысты.

Жиын алдында Қасым-Жомарт Тоқаев қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза болған ҰҚК органдары қызметкерлерін еске алуға арналған стелаға гүл шоқтарын қойды. Сондай-ақ ҰҚК орталық аппаратының 2017 жылы қайта жөндеуден өткен музейіндегі Тәуелсіздік алған сәттен бергі Комитеттің даму тарихын қамтитын экспозицияны көрді.

Отырыс барысында Қазақстан Президенті ҰҚК Төрағасы Кәрім Мәсімовтің баяндамасын, Комитеттің құрылымдық және аймақтық органдары басшыларының есебін тыңдады.

Жиын соңында Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында бірқатар нақты тапсырма берді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети