08 маусым 2021 19:10

Тоқаев ұлттық компаниялар мен холдингтердегі сатып алу туралы заңға қол қойды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қасым-Жомарт Тоқаев Қасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Бұл құжат "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ-ның және басқа да ұлттық холдингтер мен компаниялардың сатып алуларын реттейді. Заңда сатып алуды жүзеге асырудың қағидаттары, тәсілдері, сондай-ақ квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуға қатысуына байланысты шектеулер және әлеуетті өнім берушіге қойылатын біліктілік талаптары белгіленген.

Одан бөлек, құжатта сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі енгізіледі, сонымен бірге оны қалыптастыру, жүргізу тәртібі және оған енгізу және одан шығару үшін негіздер айқындалған. Сонымен қатар тапсырыс берушінің және сатып алуды ұйымдастырушының әрекеттері мен шешімдеріне шағым жасау жөніндегі нормалар енгізілді.

Бұдан басқа, Тоқаев Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Бұл құжат кейбір заңнамалық актілерді қабылданған "Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы" заңға сәйкестендіруді көздейді.

"Мемлекеттік қаржыны тиімді жұмсау - аса маңызды мәселе. Мемлекеттік сатып алуды, оның ішінде квазимемлекеттік сектордың сатып алуын тиімді пайдалануды пандемиядан кейінгі кезеңде экономикалық бәсекелестікті қалпына келтірудің тетігі ретінде қарастырған жөн. Алайда, осыған дейін ұлттық компаниялар мен мемлекеттік холдингтердің сатып алулары жалпы тәртіптен шығарылып, өз ережелері бойынша жүргізіліп келді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша осы мәселелерді шешу үшін тиісті заң қабылданып отыр", - деген еді Сенат спикері Мәулен Әшімбаев мамыр айының аяғында палата отырысында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети