14 сәуір 2021 17:52

Тоқаевқа халық табысы мен жалақысын арттыру бойынша есеп берілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: akorda.kz Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкеновті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 


Мемлекет басшысы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкеновті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысына еңбек және әлеуметтік саладағы қазіргі ахуал мен оның алдағы уақытта атқаратын міндеттері туралы баяндалды.

Серік Шәпкенов Қасым-Жомарт Тоқаевқа министрліктің жүргізіп жатқан жұмыстары, атап айтқанда, халықтың табысы мен еңбекақыны арттыруға, тұрғындарды жұмыспен қамтуға, еңбек қатынастарын реттеуге және азаматтарды зейнетақымен қамтамасыз етуді жетілдіруге бағытталған жұмыстар бойынша есеп берді.  

Сонымен қатар министр Президентке еңбек нарығындағы заманауи үрдістер, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсету шаралары жөнінде мәлімет берді.

Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев салалық ведомство басшысына бірқатар нақты тапсырма берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети