Тоқаевқа қалай хат жазуға болады?

16 Шілде, 23:25
1
Тоқаевқа қалай хат жазуға болады? - Қасым-Жомарт Тоқаев әншілермен. © instagram.com/tokayev_online
Қасым-Жомарт Тоқаев әншілермен. © instagram.com/tokayev_online

Қазақстан Президентінің Виртуалды қабылдауы ашылды. Мемлекет басшысы Instagram желісіндегі парақшасында бұл қызметтің www.akorda.kz сайтында екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Құрметті оқырмандарым!

Менің парақшама мыңдаған оқырман пікірлерін жазып, сауалдарын жолдап жатады. Олардың ішінде жүйелі түрде жұмыс істеуді қажет ететін күрделі мәселелер де бар. Әркім өз сұрағына жауап алып, пікірінің ескерілгенін қалайды. Алайда, барлық өтініштерге осы парақша арқылы жауап беру мүмкін емес екенін өздеріңіз де жақсы түсінесіздер.

Қоғаммен пікір алмасуды жолға қою, әрбір азаматтың сұрауын қанағаттандыру, мұқтаж жандарға дер кезінде көмек көрсету мақсатында www.akorda.kz сайтында менің Виртуалды қабылдауым ашылды. Қазірдің өзінде Виртуалды қабылдауға көптеген хаттар келіп түсуде. Республика азаматтарының жеке немесе қоғамдық сипаттағы түрлі мәселелері бойынша өтініштері қаралады. Әр хат ресми тіркеледі, оны өзім де қараймын және Әкімшілік қызметкерлері де қарастырады.

Бұл - еліміздің әрбір азаматы ресми түрде сұрау салуға мүмкіндік беретін, заңды күші бар виртуалды қабылдау", - деп жазды Президент.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Құрметті оқырмандарым! ⠀ Менің парақшама мыңдаған оқырман пікірлерін жазып, сауалдарын жолдап жатады. Олардың ішінде жүйелі түрде жұмыс істеуді қажет ететін күрделі мәселелер де бар. Әркім өз сұрағына жауап алып, пікірінің ескерілгенін қалайды. Алайда, барлық өтініштерге осы парақша арқылы жауап беру мүмкін емес екенін өздеріңіз де жақсы түсінесіздер. Қоғаммен пікір алмасуды жолға қою, әрбір азаматтың сұрауын қанағаттандыру, мұқтаж жандарға дер кезінде көмек көрсету мақсатында www.akorda.kz сайтында менің Виртуалды қабылдауым ашылды. Қазірдің өзінде Виртуалды қабылдауға көптеген хаттар келіп түсуде. Республика азаматтарының жеке немесе қоғамдық сипаттағы түрлі мәселелері бойынша өтініштері қаралады. Әр хат ресми тіркеледі, оны өзім де қараймын және Әкімшілік қызметкерлері де қарастырады. Бұл - еліміздің әрбір азаматы ресми түрде сұрау салуға мүмкіндік беретін, заңды күші бар виртуалды қабылдау. ................ Уважаемые читатели! ⠀ На моей страничке подписчики оставляют тысячи комментариев и вопросов. Зачастую поднимаются серьезные проблемы, требующие работы на системной основе. Каждый, кто пишет, рассчитывает на то, что его обращение будет услышано. Однако, думаю, вы хорошо понимаете, что дать ответы на все запросы через социальную сеть не представляется возможным. С целью улучшения взаимодействия с общественностью и реагирования на запросы граждан на сайте www.akorda.kz была открыта моя Виртуальная приемная. В Виртуальную приемную поступают многочисленные письма, в которых граждане страны обращаются по вопросам, волнующим их лично или имеющим широкое общественное звучание. Каждое поступившее сюда письмо официально регистрируется и рассматривается мной лично и сотрудниками Администрации. Виртуальная приемная дает возможность каждому гражданину направлять запросы и получать ответы, имеющие юридическую силу.

Публикация от QASYM-JOMART TOQAYEV (@tokayev_online)

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай