01 қаңтар 2021 09:03

Тоқаевтың қазақстандықтарға жаңажылдық үндеуі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото akorda.kz сайтынан Фото akorda.kz сайтынан

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Жаңа 2021 жылмен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Жаңа 2021 жылмен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қадірлі отандастар! Санаулы минуттан соң 2020 жыл тарих қойнауына енеді. Осы мерейлі мезетте ескі жылмен қоштасып, болашаққа бағдар түземіз. Бұл - бәріміз жайдары көңілмен бір-бірімізге ақ тілек арнайтын айрықша сәт.

Өтіп бара жатқан жыл күллі әлем жұртшылығының есінде қалатын ерекше жыл болды. Дүние жүзі бұрын-соңды болмаған алапат індетпен бетпе-бет келді.  Біздің халқымызға да оның зардабы тиді. Осындай қиын кезеңде тұтас ұлт болып бірлігіміздің қадір-қасиетін жете сезіндік. Дертке шалдыққан әрбір адамның тезірек сауығып кетуін тіледік. Бірақ, індет адам талғамайды. Пандемияның салдарынан көптеген азаматтарымыздан айырылып қалдық. Олардың ішінде елімізді өркендетуге зор үлес қосқан танымал тұлғалар да бар.  Өмірден өткен адамдардың имандары саламат болсын! Енді мұндай қасірет қайталанбасын. Бұл үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Әр азамат мемлекеттің қамқорлығында болады. Алдағы жылдан бастап коронавирусқа қарсы тегін вакцина егуді бастаймыз.  Оны азаматтардың қалауымен, ерікті түрде жүргіземіз.

Осы күрделі кезеңде халқымыз береке-бірлігі мен ынтымағын арттыра түсті. Отандастарымыз бір-біріне қол ұшын беріп, жанашырлық танытты. Бұл - шын мәнінде, ізгілік пен қайырымдылықтың үлгісі.  Ең бастысы, біз бәріміз бірге болдық. Мемлекет тарапынан миллиондаған адамға қолдау жасалды. Біз қоғамның игілігі үшін қажырлы еңбек етіп жүрген азаматтардың жұмысын бағалай білдік. Дәрігерлер, мұғалімдер, тәртіп сақшылары, еріктілердің ерен ерлігіне куә болдық. Бұл азаматтар - бейбіт күннің нағыз батырлары. Оларға халқымыз шексіз риза", - деді Мемлекет басшысы. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети