27 қыркүйек 2019 16:24

Цифрлық белсенділік танытқандарға сыйлық беріледі

Smart Astana мобильдік қолданбасында 200 ұпай жинау әбден мүмкін. Оларды бағалы сыйлықтарға алмастырып алуға болады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Малика Бектұрованың телеграм каналына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Мысал үшін, 2000 ұпай жинап, астаналық театрлардың біріне билет ала аласыз, 1800 ұпаймен - көлік картасын толтыра аласыз, 1900 ұпайға - елорданың логотипі басылған ыдыс түседі, ал фирмалық футболка - 2500 ұпай тұрады", - деп атап өтті Бектұрова.

Реклама
Реклама

Ұпайларды "Атамекен" ҰКП-ның бизнес пен үй шаруашылығының қажеттіліктерін айқындау мақсатында жасаған сауалнама-скринингін толтыру арқылы жинай аласыз. Ал Smart Astana мобильдік қолданбасы сауалнама жүргізуді тұрғындар үшін ыңғайлы етті. Үйден шықпастан, жылдам әрі әділ.

"Ол үшін Smart Astana қолданбасына кіріп, "Белсенді тұрғын" бөліміндегі "Тұрғындар мен қонақтарға сауалнама" рубрикасының сұрақтарына жауап берсеңіз болды", - делінген хабарламада.

Бірінші күннің өзінде-ақ, жарнамасыз, тек пуш-хабарлама арқылы ол сауалнаманы 320 адам толтырып үлгірді. Цифрландыру - бұл ыңғайлы. Smart Astana мобильдік қолданбасын жүктеу тегін. 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram