1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Цой Қазақстанда карантин жеңілдейтінін мәлімдеді 19 қазан 2021, 09:27

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 20 қазаннан бастап Қазақстанда карантин жеңілдейтінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 20 қазаннан бастап Қазақстанда карантин жеңілдейтінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет отырысы кезінде министр эпиджағдайдың тұрақтануына байланысты, сондай-ақ вакцинация деңгейі 70 пайызға жеткендіктен, ВАК шешімі бойынша 20 қазаннан бастап келесі нысандардың жұмыс істеуіне рұқсат берілгенін хабарлады: 

  • келушілер COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алғаны туралы құжатты немесе ПТР анықтамасын ұсынған кезде қарттар мен мүгедектер үйі, балалар үйі сияқты медициналық-әлеуметтік объектілердің пациенттеріне баруға рұқсат беріледі;
  • түнгі клубтардың қызметі тек "жасыл" мәртебесі бар тұлғаларға арналған, олардың толтырылуы 50 пайызға дейін, бірақ:
    "жасыл" аймақта 100 адамнан артық емес;
    "сары" аймақта 70 адамнан артық емес;
    "қызыл" аймақта 50 адамнан артық емес. 
  • Ashyq жобасына қатысатын бизнес объектілерінің жұмыс уақытын ұзарту:
    "жасыл" аймақта 03:00-ге дейін, Ashyq жобасының көшбасшылары: 05:00-ге дейін;
    "сары" аймақта 01:00-ге дейін, Ashyq жобасының көшбасшылары: 03:00-ге дейін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram