24 тамыз 2021 09:45

Цой коронавирусқа байланысты жаңа болжамын жариялады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

REUTERS© REUTERS©

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайдың үш сценарийін болжады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайдың үш сценарийін болжады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Министрлік эпидемиологиялық жағдай болжамын қарашаға дейін жаңартты. Сонымен, пессимистік сценарий бойынша қыркүйекте тіркелетін жағдайлардың орташа тәуліктік саны 6300 жағдайға дейін, қазанда 2400 жағдайға дейін болады. Шынайы сценарий бойынша, қыркүйекте - 5300 жағдайға дейін, қазанда - 1800 жағдайға дейін. Оптимистік сценарий бойынша, қыркүйекте - 4200 жағдайға дейін, қазанда - күніне 1300 жағдайға дейін", - деді Цой үкімет отырысында.

Оның айтуынша, соңғы екі аптада инфекциялық орындар жүктемесі 12 пайызға төмендеген.

"Инфекциялық орындардың толуы - 49 пайыз, реанимациялық орындар - 46 пайыз. Ең көп көрсеткіш Ақтөбе облысында - 68 пайыз, Алматы қаласында - 61 пайыз және Алматы облысында - 59 пайыз", - деді Денсаулық сақтау министрлігі басшысы.

Айта кетейік, Қазақстанда COVID-19 жұқтыру дерегі айтарлықтай азайғаны хабарланған болатын. Бұған дейінгі тәулікте 6 314 адамнан коронавирус анықталса, оның алдында 6725 адамнан коронавирус анықталған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети