21 шілде 2020 10:42

Цой коронавируспен күрес кезінде ауылдарға көмек қалай көрсетілетінін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов. Фото: Тұрар Қазанғапов.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавируспен күрес кезінде ауылдарға көмек қалай көрсетілетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавируспен күрес кезінде ауылдарға көмек қалай көрсетілетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысы ауылдағы жағдайды жақсарту бойынша шаралар әзірлеуді тапсырды. Коронавирус инфекциясын жұқтырып, ПТР тест оң нәтиже көрсеткен және пневмониямен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету үшін ауыл деңгейінде 2,5 мың жұқпалы және 11 мың уақытша төсек қойылды", - деді ол Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, амбулаториялық көмек көрсету үшін ауылда 1493 мобильді топ құрылған. Қазіргі таңда олар жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ, онда 641 жедел жәрдем көлігі бар.

"Тағы 141 көлік керек. Қажеттілік осы жылдың соңына дейін жалға берілетін қаржылық лизинг шарттарымен өтеледі. Біз аудандық ауруханалар үшін 53 рентген аппаратын сатып алып жатырмыз. Сондай-ақ, ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ), электрокардиограмма (ЭКГ), гинекология кабинеттеріне тиісті жабдықты сатып алуды жоспарлап отырмыз", - деді министр.

Айта кетейік, осыған дейін денсаулық сақтау министрі елдегі коронавирусқа байналысты жағдай тұрақталып келе жатқанын, қорғаныс құралдарын сатып алу үшін қосымша 7,2 миллиард теңге бөлінетінін айтқан еді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети