24 шілде 2021 11:35

Цой Тоқаевқа коронавирустың жаңа "Лямбда" штамы туралы баяндады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың есебін тыңдады. Бұл туралы Президент баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-те жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 

Денсаулық сақтау министрі Президентке әлемде коронавирус індетінің жаңа "Лямбда" штамының пайда болуы мен таралуы туралы айтты.

"Бұл вирус алғаш рет 2020 жылғы желтоқсанда Перуде тіркелген. Бүгінде індеттің осы түрін 30 мемлекетте, негізінен Солтүстік және Оңтүстік Америка мен Еуропа елдерінде 3 мыңға жуық адам жұқтырған", - деді Берік Уәли.

Айта кетейік, Президентке қазіргі эпидемиологиялық жағдай, екпе егу жұмыстарының барысы және елімізге вакцина жеткізу жөніндегі уағдаластықтар туралы баяндалды. Қасым-Жомарт Тоқаев Алексей Цойға бірқатар тапсырма берді

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети