01 наурыз 2017 16:43

ТҮҚЖБ топ-менеджері өзінің және туыстарының иелігінде үш пәтердің қайдан пайда болғанын айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің топ-менеджері Айжан Медеуова өзінің және туыстарының иелігінде үш пәтердің қайдан пайда болғаны анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің топ-менеджері Айжан Медеуова өзінің және туыстарының иелігінде үш пәтердің қайдан пайда болғаны анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қаржы институтының басқарма төрағасының орынбасары Айжан Медеуова өз атына, сіңлісіне және бұрынғы күйеуіне Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен жеңілдікпен берілетін үш пәтерді жалпыға ортақ негіздермен алғанын айтып өтті. 

Медеуованың айтуынша, пәтерлердің ауданы 60 шаршы метрден аспайды және қымбат баспаналар санатына жатпайды. Сөйтсек, оның сіңлісі баспананы 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама бойынша алыпты. "Кезекті әкімдік - жергілікті атқарушы орган тізді. Ұпай жүйесі жасалды, мұндай кезектен тәжірибесі бар әрі балалары бар адамдар өтеді. Бұған банктің ешқандай қатысы жоқ, ол 15 жыл бойы мемлекеттік қызметте істеді және әкімдіктің кезегінде тұрды. Оның үш баласы бар", - деді Медеуова.

"Егер 08-10 мемлекеттік бағдарламасымен 100 пәтер салынса, үміткерлер тізімін әкімдік құрады. Шешімді әкімдік жасайды. Олар 100 пәтерге тізім жасайды да төлем қабілеттілігін растау үшін бізге, банкке жібереді. Біз тізімдегілердің туысқан ба, жоқ па, сіңлісі ме, жоқ па, ағасы ма, жоқ па - бұған қарамай, растаймыз. Менің банкте жұмыс істеуім мен сіңлімнің тізімде болуы кездейсоқтық. Сіңлім өзгелермен қатар тізімде тұрды. Пәтері екі бөлмелі, 50 шаршы метр", - деді ол.

Ал Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің баспасөз қызметі Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына берген жауабында "Қолжетімді баспана-2020" бағдарламасы бойынша банк жұмысшыларының, оның ішінде жетекші жұмысшылардың және олардың отбасы мүшелері мен туысқандарының пәтер алуға құқылы екенін айтты. "Кезекте тұруға тыйым салу банктің штаттағы мыңнан аса қызметкерін әрі олардың отбасы мүшелерін шеттету болған еді. 2013 жылдың қазанында Іскерлік этика кодексіне қосымшалар енгізуде басқарма мүшелері, басқарушы директорлар, банктің бас есепшісі, ішкі аудит қызметінің жетекшісі, бас комплеанс-бақылаушы, Банк филиалдарының директоры және олардың отбасылары "Қолжетімді баспана-2020" Бағдарламасына қатысу бойынша шектеулерді өз қалауымен қабыл алған", - деп пікір білдірді банктегілер.

Сонымен қатар, Медеуованың жағдайына қатысты банктегілер оның ҚР-дағы 2011-2014 жылдарға арналған тұрғын үй құрылыс бағдарламасының қатысушысы болғанын атап өтті. Өтініш 2011 жылы берілген, бұл кезде банктің Іскерлік этика кодексінің жаңа нормалары енгізілмей тұрған. "Өтініш беру кезінде ол филиал директоры болып қызмет еткен", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Айта кетейік, 2013 жылы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде 2013 жылы дау болған еді. Сол кезде қаржы институтының басшыларының туыстары жеңілдікпен үй алған болатын. Кейін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пәтерлердің үлестірілуіндегі дауға қатысты пікір білдірген. Сол кезде ол "бұл бұзақылықты тоқтатыңыдар" деп тапсырма берген болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети