08 мамыр 2021 10:11

Тұмсықтары қан: Алматыда көшеден 20 көгершіннің өлексесі табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

КТК видеосынан алынған кадр КТК видеосынан алынған кадр

Алматы тұрғындарын көшеде шашылып жатқан құстардың өлексесі шошытты. Кептерлердің жаппай қырылуына не себеп болғаны белгісіз, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.


Алматы тұрғындарын көшеде шашылып жатқан құстардың өлексесі шошытты. Кептерлердің жаппай қырылуына не себеп болғаны белгісіз, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Арықтар да көгершіндердің өлексесіне толып қалған. Тіпті балалар ойын алаңында да шашылып жатыр. Бәрінің де тұмсығынан қан аралас көбік аққан.

"Құстарды әдейі улаған. Тышқанға қарсы дәрі шашқан. Бұл кісі қолынан жем алып үйренген көгершіндер. Ешкімге зияны жоқ еді. Бұл арада бала ойнайды. Олар да уланып қалуы мүмкін. Полицияға шағымдандым. Бірақ олар арызымды қабылдамады", - деді Анастасия Мигунова.

Телеарна тілшісінің хабарлауынша, тұрғындар құстарға әлдебіреулердің қасақана у бергеніне сенімді. Себебі, бірер күн бұрын кептерлерге бола өзара жанжалдасып қалған. Біреуі маңайды ластады деп, кеміргіштерге қарсы дәрімен көзін құртқысы келсе, басқалары үзілді-кесілді қарсы шыққан.

 КТК видеосынан алынған кадр

Қалай болғанда да көгершіндердің не себепті қырылғаны белгісіз. Удан сескенген жұрт енді санитар дәрігерлерден дереу сынама алуды сұрап отыр.      

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети