30 шілде 2020 12:36

Түркияда 21 жастағы қазақстандық жоғалып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Pixabay.com © Pixabay.com

21 жастағы Арайлым Орынбаева Түркияның Анталия қаласында жоғалып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


21 жастағы Арайлым Орынбаева Түркияның Анталия қаласында жоғалып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі бұл ақпаратты растады. 

"Бізге белгілісі, ол үйінен шамамен 2,5 ай бұрын кетіп қалған. Құжаттары үйінде қалған. Түркияда тұруға ықтиярхаты бар. Біздің Антальядағы консулдығымыз қызды іздестіру жұмыстарымен айналысып жатқан жергілікті полициямен байланыста. Мәселе бақылауда", - дейді СІМ баспасөз қызметінің өкілдері. 

Hurriyet басылымының мәліметінше, полицияға 41 жастағы Салтанат Орынбаева шағымданған. Ол біраз уақыт бұрын ол Түркияға қызымен және екі ұлымен көшіп кеткен. Оның айтуынша, 21 жастағы қызы үйден не төлқұжатын, не ақша алмай шығып кеткен.  

Анасы қызына бір күн бойы хабарласа алмаған соң полицейлерді шақырған. Олар периметр бойынша бақылау камераларын тексере бастаған. 

БАҚ мәліметінше, куәгерлер қызды таулы өлкеде орналасқан Хурма-Шайыр зиратының жанынан көрген. іздеу жұмыстары әлі де жүріп жатыр.  

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети