29 қаңтар 2021 13:13

Түрікменстан азаматтары вакцинация басталғаннан кейін ғана Қазақстаннан шығарылады - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркіменстанның Қазақстанда қалып қойған азаматтары отанына орала алмай отырғанына бір жылға жуық уақыт болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Turkmen.news басылымына сілтеме жасап.


Түркіменстанның Қазақстанда қалып қойған азаматтары отанына орала алмай отырғанына бір жылға жуық уақыт болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Turkmen.news басылымына сілтеме жасап.

2019 жылы қыста Қазақстанға туыстарын көру үшін қонаққа келген ер адам наурызда шекара жабылып, әйелі мен балаларын ұзақ уақыт көрмей қаламын деп ойламаған. Басылым мәліметіне сүйенсек, оған Түрікменстанға оралу үшін коронавирусқа қарсы вакцина салдыру қажет деп хабарлаған.

"Наурызда індет басталған кезде мен елшілікке барып, елге оралуға көмектесуін өтіндім. Бірақ ешқандай көмек болған жоқ. Мамырда Қазақстанда қалу рұқсат қағазымның уақыты аяқталды. Түрікменстан азаматтарына Қазақстан аумағына визалық келісімшарт болмағандықтан ол ұзартылмайды. Өзбекстан, Тәжікстан, Ресей азаматтарына виза ұзартылды, ал мен елде заңсыз жүрген азамат саналамын. Түрікмен елшілігі қазақстандық көші-қон органы бұған түсіністікпен қарау қажет деп уәде беріп отыр", - деді ол.

Басқа елдерде қалып қойған Түрікменстан азаматтары үшін экспорттық рейстер тек 2020 жылғы тамызыда ұйымдастырыла бастағаны нақтыланды. Қазақстан жағдайында жерүсті жолымен өткізу тек күзде басталды, бұл процес жабық түрде болды. Сонымен қатар, оларға ПТР талдау нәтижесі теріс болуы қажет деп ескертті.

Басылым редакциясына жүгінген Түрікменстан азаматы 30 қазанда ондаған адам Темір баба өткізу бекетінен автобуспен өткізілетінін білді. Бірақ ол бұл топқа кіре алмады. Себебі, қарттар мен баласы бар әйелдерді бірінші өткізу көзделген. Елден шығару Ақтау арқылы жүзеге асты, ал қайтуға бекінгендер онда өз қаражаты есебінен жетуі қажет болды.

"Маған келесі топ қарашада Түрікменстанға шығады деді. Бірақ қарашада азаматтар шығарылмады. Ал енді Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинация ақпан айында басталады деп мәлімдеді. Вакцинация алғаннан кейін ғана үйге оралуға болады. Бірақ мигранттар вакцинаны қашан алады? Қазақстан билігі бірінші кезекте өз азаматтарын вакцинациялауға назар аударатыны анық", - деді ол.

Түрікменстанның Қазақстандағы елшілігі елден шығу вакцинациядан кейін ғана басталатынын растады.

"Әлі белгісіз. Бірақ вакцинациядан кейін елден шығуға болады деген қауесет бар. Бұл қаншалықты шындық екені белгісіз. Бірақ егер вакцинация басталса, міндетті түрде егілу керек", - деп жауап берді елшілік қызметкері.

Елшілік мәліметіне сүйенсек, Қазақстанда қалып қойған Түрікменстан азаматтары "шамамен 400 адам". Дипломаттар Алматыдан Түрікменстанға экспортталатын рейстердің бар-жоғын нақты білмейді.

Айта кетейік, бұған дейін Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов ел азаматтарын коронавирусқа қарсы вакцинамен қамтамасыз етуді тапсырды. Түрікменстан президенті жұқпалы аурулармен күресу және оның алдын алу жұмыстарын одан әрі жүргізудің және қажет болған жағдайда алдын алу шараларын күшейтудің маңызын атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети