13 маусым 2019 11:32

Түрікменстан Президенті мен Катар Мемлекетінің Әмірі Тоқаевты құттықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов пен Қатар Мемлекетінің Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл-Тәнимен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов пен Қатар Мемлекетінің Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл-Тәнимен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының Президенті сайлауындағы айқын жеңісімен құттықтап, жауапты әрі жоғары мемлекеттік лауазымына табыс тіледі.

Тараптар Қазақстан мен Түрікменстанның тату көрші және халықтар достығына негізделген стратегиялық әріптестігі одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.

Сонымен қатар, көшбасшылар аймақтық күн тәртібіндегі мәселелер бойынша пікір алмасты. 

Катар басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстандағы президент сайлауындағы айқын жеңісімен және Президентті ұлықтау рәсімінің сәтті өтуімен құттықтады.

Шейх Тәмим бен Хамад Әл-Тәни Мемлекет басшысына табыс тілеп, оның жоғары қызметі қазақ халқының ырысы мен бірлігін нығайтуға бағытталатынына сенім білдірді.

Қазақстан Президенті Қатар Әміріне құттықтағаны үшін ризашылық білдіріп, екіжақты ықпалдастықты одан әрі пәрменді түрде жалғастыруға ниетті екенін айтты.

Әңгімелесу барысында екі ел арасындағы байланыстарды одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.

Телефон арқылы сөйлесуге қатар тарапы бастамашы болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети