21 қыркүйек 2023 17:07

Түркістан әкімдігіне құны 120 миллион теңге болатын жаңа ғимарат неге қажет?

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Түркістан қаласы әкімдігіне құны 120 миллион теңге болатын жаңа ғимарат не үшін қажет? Әкімдік пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Түркістан қаласы әкімдігіне құны 120 миллион теңге болатын жаңа ғимарат не үшін қажет? Әкімдік пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде ақпарат пайда болды: Түркістан әкімдігі құны 120 миллион теңге болатын жаңа ғимарат сатып алмақ екені айтылған. Айта кетейік, 2021 жылы Түркістанда әкімдік ғимараты қонақүй ретінде пайдалануға сатылған болатын.

Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігіне шынымен де жаңа ғимарат сатып алуды жоспарлап отыр ма және қандай мақсатпен сатып алуды жоспарлап отырғанын анықтау үшін хабарласты.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі әкімдік "Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығына" ғимарат сатып алуды жоспарлап отырғанын хабарлады.

"Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 263 бұйрығына 6-қосымшаға сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты бекітілді. Осыған байланысты Түркістан әкімдігі "Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығы" үшін арнайы ғимарат сатып алуды жоспарлап отыр. Орталық тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен адамдарға көмек көрсетуді көздейді", - деп түсіндірді Түркістан әкімдігінің баспасөз қызметі.

Орталықта тегін психологиялық және заңгерлік көмек көрсетілетіні хабарланды. Балалы әйелдер көрсетілген дағдарыс орталығында бір айдан алты айға дейін бола алады.

"Осы мақсатта әкімдік ғимаратты сатып алуды жоспарлаған болатын. Байқау екі рет 120 миллион теңгеге өткізілді. Қатысушылар аз болғандықтан конкурс өтпей қалды. Келесі аукционды өткізу күні әлі анықталған жоқ", - деді Түркістан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ресми мәлімет бойынша, бұрын облыс әкімдігі орналасқан ғимаратта қазір Түркістан қаласының әкімдігі орналасқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети