02 шілде 2019 15:08

Түркістан облысында әлеуметтік жәрдемақы алып беруге уәде еткен алаяқ ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Ақмешіт апталығы © Ақмешіт апталығы

Түркістан облысының полицейлері алаяқты құрықтады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Түркістан облысы ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Түркістан облысының полицейлері алаяқты құрықтады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Түркістан облысы ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Түркістан облысы Шардара АПБ-нің кезекшілік бөлімшесіне бірнеше тұрғын хабарласып белгісіз азаматтың оның ақшасын алдау тәсілімен алып, қайтармай қойғандығын хабарлаған.

Бірінші хабарласқан жәбірленушінің сөзіне қарағанда 2019 жылдың мамыр айында жергілікті тұрғын көпбалалы аналарға беріліп жатқан жәрдемақыны алу үшін танымайтын, алайда өзін мемлекеттік қызметкермін деп таныстырған азаматқа 50 000 теңгесін беріп, мемлекеттен әлеуметтік жәрдемақы алып беруге көмек сұраған. Тап сол күні аудандық полиция бөліміне екінші жәбірленуші арызданады. Ол да белгісіз азаматқа 70 000 теңге беріп, мемлекеттік жәрдемақыдан қомақты қаржы алып беремін деп сендірген адамның ақшасын қайтармай жатқандығын хабарлайды.

Осылайша алаяқ жәбірленушілерге жалпы сомасы 100 мың теңгеден аса шығын келтірген.

Осы дерекке қатысты Шардара АПБ ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша СДТБТ-не тіркеуге алынды. Сақшылар қылмысты дер кезінде ашу мен алаяқ құрбандарының саны одан әрі артып кетпес үшін, Түркістан облысы Шардара АПБ қызметкерлерінің арасынан тергеп-тексеру тобын құрды. Тәжірибелі мамандар жәбірленушілерден тиісті сұрақ-жауаптар алып, тыңғылықты тексеріп, қажетті шаралардың барлығын атқарды.
Нәтижесінде, жедел құрылған тергеп-тексеру тобы күдіктінің түр-тұлғасын анықтап, жұмыссыз жүрген жергілікті тұрғынды құрықтады. Ұсталған азамат отбасылы, бұрын соңды сотты болмаған.

Күдіктіге байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде, кез-келген көзтаныс адамға сенім артып, қажетті деген құжаттарды, ақшаларыңызды беруден абай болыңыздар.

Түркістан облысының полицейлері азаматтардан, облыс пен қала тұрғындарынан ақша беру, ақша аудару, ақша алу сынды операциялар кезінде мұқият болуларын сұрайды.

Алаяқтардың сеніміңізге кіріп арам пиғылын іске асырмас үшін кез-келген адамға өзіңіз туралы мәліметтерді айтудан сақ болыңыз. Егер де сіз жоғарыда аталған жайттарға тап болсаңыз, істі ушықтырмай, бірден полицияның 102 нөміріне қоңырау шалыңыз.

Бүгінгі таңда осы қылмыс түрінің өсіп отырғанын ескере келе, азаматтардың назарын қашан да қырағылық танытып, алаяқтардан сақ болуға шақырамыз.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети