Түркістан облысында аудан әкімінің не үшін ұсталғаны анықталды

28 Шілде 2018, 13:32
0
Түркістан облысында аудан әкімінің не үшін ұсталғаны анықталды - © Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

Түркістан облысы Ордабасы ауданының әкімі пара алып жатқан жерінде ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне қарасты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Түркістан облысы Ордабасы ауданының әкімін пара алып жатқан жерінде ұстады. Ол әкімдік аумағын абаттандыру жұмыстары бойынша ұйымның есепшотына кедергісіз қаржы аударып отыру үшін мердігер компанияның басшысынан 200 мың теңге көлемінде пара алды деген күдік бар", - делінген хабарламада.

Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Түркістан облысы Ордабасы ауданының әкімі Рашид Қайыпжановтың ұсталғаны хабарланған болатын. Алайда ол кезде антикоррупциялық қызметтегілер оның не үшін ұсталғанын нақтыламады. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай