26 қыркүйек 2022 15:18

Түркістан облысында бірде-бір қылмыс тіркелмеген, ажырасу саны азайған ауыл бар

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысында бірде-бір қылмыс тіркелмеген, ажырасу саны азайған ауыл бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz басылымына сілтеме жасап.


Түркістан облысында бірде-бір қылмыс тіркелмеген, ажырасу саны азайған ауыл бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz басылымына сілтеме жасап.

Түркістан облысында жыл басынан бері бірде-бір қылмыс тіркелмеген, соңғы бес жылда ажырасу мүлдем орын алмаған ауыл бар. Бұл Жетісай ауданындағы Мақталы ауыл әкімшілігінде орналасқан - Алмалы ауылы.

Соңғы 6 жылдан бері ішімдік, темекі сияқты зиянды дүниелердің дүкен сөрелерінде сатылмауы - ауылдың берекесін кіргізіп отыр. Тиісінше, осы уақыт аралығында мұнда ажырасу жайттары болмаған. Бірде-бір қылмыстық құқық бұзушылық, яғни ұрлық жайттары орын алмаған. Ең бастысы, мыңнан астам шаңырақтың тұрғындары тыныш тұрып жатыр.

Бұл ауылдың айрандай ұйып отыруына Ильяс Жабаев, Мұхит Джумабеков, Сапархан Каипов атты учаскелік полиция инспекторларының еңбегі зор. Ауылдың қай тұрғынын әңгімеге тартсаңыз, тәртіп сақшыларының кәсіби шеберлігін, еңбекқорлығын, істеген жұмысын тізбектей жөнеледі.

Ауылдың бетке ұстар қарттарының айтуынша, полицейлер күнделікті жергілікті жұртшылықтың жағдайын біліп, үйді-үй аралап отырады. Тәртіпті қадағалап, елдің қорғаны деген атқа сай қызмет етеді. Осындай қадағалау мен бақылаудың арқасында жастар жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстайды. Нәтижесінде үлкендерді сыйлап, ынтымағы жарасып отырған жайы бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети