17 мамыр 2023 09:25

Түркістан облысында ер адам жанжалдан кейін депутат пен оның көмекшісін әдейі басып өткен

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Мырзакент ауылында аудандық мәслихат депутаты Тимур Адамбеков пен оның көмекшісі және ауыл тұрғыны арасындағы жанжалдың видеосы тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.


Желіде Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Мырзакент ауылында аудандық мәслихат депутаты Тимур Адамбеков пен оның көмекшісі және ауыл тұрғыны арасындағы жанжалдың видеосы тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, жергілікті тұрғын көпшілік демалатын аллеяда қыдырып жүрген жігіт жаңадан егілген гүл көшеттерін бүлдіріп алған. Ер адам күзетшінің ескертуін елемегендіктен, аллея директоры әрі аудандық мәслихаттың депутаты мен оның тағы бір қызметкері келіп, ескерту береді. Бірақ әңгіменің аяғы жанжалға ұласып, демалыс орнының қызметкері гүлді бүлдірген ер адамға жұдырық жұмсайды. Ашуға булыққан тұрғын көлігіне мініп, қызметкерді үш мәрте жаншып өткен. Соның салдарынан жәбірленуші ауыр жарақаттанып, аудандық ауруханаға жеткізілген.

"Қазіргі таңда екі тарапқа да қатысты ҚК 106-бабы және ҚК 293-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қасақана шабуыл бойынша күдікті қамауға алынды", – деді Түркістан облысы полиция департаменті тергеу басқармасы бастығының орынбасары Мұхтар Сейділдаев.

Тергеу барысы Түркістан облысы полиция департаменті бастығының бақылауында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети