16 мамыр 2022 09:25

Түркістан облысында ерекше бизнес түрі белсенді дамып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© 24.kz © 24.kz

Түркістан облысында түйе шаруашылығы өркендеп, тұрғындар өнім саудасын қыздырып жатыр. Бұл туралы "Хабар 24" телеарнасының сюжетінде айтылған. 


Түркістан облысында түйе шаруашылығы өркендеп, тұрғындар өнім саудасын қыздырып жатыр. Бұл туралы "Хабар 24" телеарнасының сюжетінде айтылған. 

Бір ғана Арыс қаласында өндірілген шұбат пен қымыран еліміздің әр өңірінде үлкен сұранысқа ие. Осы мүмкіндікті ұтымды пайдаланғысы келген ғалымдар аймақта түйе сүтінен құрғақ ұнтақ шығаратын зауыт ашты. Бұл Дермене ауылдық округіне қарасты Саналы елді мекені. Мұндағы тұрғындар түйенің бабын тауып, сүтін өңдеуді кәсіп етіп алған. Шаруашылықты игергендер тәулігіне жеті мың литр шұбат мен қымыран өнімін саудалайды. Түркістан мен Шымкент, тіпті Қарағанды қаласына да жөнелтіп жатыр.

Енді Мейрамгүл апа қымыранды үйде отырып-ақ, сүт күйінде саудалайтын болды. Себебі өңірге келген кәсіпкермен келісімшарт жасасып, күніне тұрақты түрде 2 мың литр түйе сүтін дайындап беруге уағдаласты. Тіпті кәсіпкер сүтті балғын күйінде сақтау үшін арнайы техниканы да орнатыпты. Бұған дейін тұрақты тұтынушысы болмағандықтан қалаға тасып, сабылып жүретін.

"Біз бұған дейін той-жиындарға тапсырыстар алдық. Және өзіміздің өткізетін Шымкентте сауда нүктелеріміз бар еді. Енді олар да кейде жағдайларына байланысты тоқтап тұрады. Сондықтан енді осы кәсіпкерлермен келісімшартқа отырдық", - дейді Саналы ауылының тұрғыны Мейрамгүл Жолымбетова.

Аймақта түйе шаруашылығы жақсы дамыған. Сондықтан кәсіпкердің сұранысын өтеуге қорқыныш жоқ, дейді мұндағылар. Ауыл арасы бірігіп, қажетті көлемді жылдам толықтыра қояды.

"Арыс қаласында 5 мыңға жуық түйеміз бар. Оның 2,5 мыңы аналық бас. Қазіргі таңда осы Саналы елді мекенінде түйе шаруашылығы жақсы дамыған. Ал қазіргі таңда олар жергілікті жердің инвестициялық өнімділігін арттырайық деп Арыс қаласына жинап, өткізіп жатыр", - деді Арыс қалалық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұрлыбек Біләлбеков.

Ал шипалы өнімді құрғақ ұнтаққа айналдыру, экспортқа мүмкіндік береді, дейді кәсіпкерлер. Оның үстіне, Германия мен Оңтүстік Кореяның тұтынушылары бұл өнімге қызығушылық танытып отыр екен. Осы саланы жылдар бойы жіті зерттеген ғалымдар инвестор тартып, түйе сүтін терең өңдеуге мүмкіндік алды.

"Түйе сүті жоғары температурада өңдегенді жақсы көрмейді. Біз осы проблеманы шешу мақсатында жалпы сүт өнімін өңдейтін технологиялық звеноға өзгерістер енгіздік", - деді зауыт директоры Ербол Дүйсембин. 

Ата кәсіпті әлемге танытқысы келгендер ұлттық сусынға сұраныстың көптігін айтады. Сондықтан құрамындағы дәрумендер мен минералдарды сақтап қалу үшін отандық ғалымдардың көмегіне жүгінген. Арыста ашылған өндіріс орны сублимациялық машина мен мембраналық қондырғы арқылы салқын температурада құрғақ ұнтақты шығаруға мүмкіндік берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети