19 сәуір 2020 09:11

Түркістан облысында карантин жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

19 сәуірден бастап Түркістан облысына карантин енгізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Түркістан облысының әкімдігіне сілтеме жасап.


19 сәуірден бастап Түркістан облысына карантин енгізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Түркістан облысының әкімдігіне сілтеме жасап.

Осыған байланысты көршілес аймақтармен шекарада санитариялық блок-бекеттердің жұмысы күшейтіледі. Қалааралық, ауданаралық және ауыларалық қолжетімдік шектеледі, ал қоғамдық және жеке көлік қызметтері тоқталады.

Қоғамдық орындар мен демалыс орындары, саябақтар жабылды.

Азық-түлік және киім нарықтарының жұмысы, сондай-ақ үй тауарларын өткізу жұмыстары тоқтайды.

Балалардың ойын алаңдарында, көп қабатты үйлердің аулаларында ойнауға тыйым салынады.

Отбасы мерекелерін, туған күн және үйлену тойларын тұрғылықты жері бойынша өткізу шектеледі.

Көшелерде және қоғамдық орындарда үш адамнан артық жиналуға тыйым салынады. 65 жастан асқан азаматтар үйден шықпай оқшаулануы тиіс.

Тұрғындарға қажетті азық-түлік пен дәрі-дәрмектерді сатып алу үшін олардың үйлерінің жанында орналасқан дүкендер мен дәріханаларда ғана жүруге рұқсат етіледі. Азық-түлік дүкендерінің жұмысы 09:00-ден 20:00-ге дейін шектеледі.

Өңірге қажетті тамақ өнімдері мен материалдарды, өнеркәсіп тауарларын, құрылыс, медицина және көктемгі егіс жұмыстарына арналған материалдарды тасымалдайтын рұқсат құжаттары бар көлік құралдары ғана кіріп-шыға алады. Сондай-ақ медициналық көмекке мұқтаж азаматтар кіруге, шығуға мүмкіндік бар.

Құрылыс индустриясы, көктемгі егіс, жұмыспен қамтудың жол картасы, тіршілікті қамтамасыз ету объектілері карантиндік режимге қарамастан штаттық режимде жұмыс істейтін болады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети