1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Түркістан облысында карантин ұзартылды 09 маусым 2020, 09:18

Түркістан облысында эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанғанша карантин ұзартылады. Осыған байланысты облыста бірнеше шектеу шарасы қабылданып
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Түркістан облысында эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанғанша карантин ұзартылады. Осыған байланысты облыста бірнеше шектеу шарасы қабылданып жатыр. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, облыс тұрғындары карантин шараларын сақтауы керек.

"8 маусымдағы жағдай бойынша облыста коронавирус жұқтырған 400 адам тіркелді. Айыққандар саны - 257. 84 инфекция сырттан келген: Нұр-Сұлтаннан біреу, Ақтаудан - 1, Атыраудан - 31, Алматыдан - 2, Шымкенттен - 2, Қызылордадан - 1, Павлодардан - 1, Ресейден - 5, Түркиядан -1, Өзбекстаннан - 37, Жезқазғаннан - 2. Біз коронавирустың тарауына жауапкершілікпен қарауымыз керек", - деді Қалқаманов.

Түркістан облысының бас санитар дәрігері Нұрбек Нышанов облыс аумағында қоғамдық жерлерде қашық сақтап, масқа тағып жүру керегін тағы ескертті. 

Айта кетейік, бүгінде Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 13074-ке жетті.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 



Join Telegram