1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Түркістан облысында өлі табылған турист кім екені анықталды 12 маусым 2021, 23:00

ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли бүгін мәйіті Сайрам-Өгем шатқалынан табылған адам туралы алдын ала мәлімет берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Түркістан облысында жоғалған туристердің бірі өлі табылды. © ТЖМ баспасөз қызметі Түркістан облысында жоғалған туристердің бірі өлі табылды. © ТЖМ баспасөз қызметі

ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли бүгін мәйіті Сайрам-Өгем шатқалынан табылған адам туралы алдын ала мәлімет берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Алдын ала мәліметтер бойынша, табылған адам - 2004 жылы туған турист. Ұлының денесін әкесі таныды", - деді Уәли.

Еске салайық, бүгін Сайрам-Өгем шатқалында құтқарушылар Түркістан облысының тауларында жоғалып кеткен студенттердің бірінің денесін тапты. Шатқал теңіз деңгейінен мың метр биікте орналасқан.

Іздеу жұмыстарына Түркістан облысы ТЖ және полиция департаменттерінің, ҰҚК Шекара қызметінің, орман шаруашылығының, Өзбекстан Республикасы ТЖМ 127 қызметкері, 15 дана техника, 3 квадрокоптер, 3 кинологиялық есеп, 1 тікұшақ және жоғалған туристердің туыстары жұмылды. Іздеу жұмыстары сегіз бағыт бойынша жүріп жатыр.

Бұған дейін жоғалған үш турист құтқарылып, екеуінің денесі табылған болатын.

Еске салайық, 2021 жылы 25 мамырда Төлеби ауданының Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында жеті туристің жоғалғаны туралы "112" пультіне хабарлама түсті. 21 мамырда туристер жаяу Сары-Айғыр шатқалына бет алған, олар 24 мамырда қайтуға тиіс еді. Алайда бірнеше күннен кейін үшеуі ғана аман-сау табылды

29 мамырда құтқарушылар екі туристің мәйітін тапты. Тағы екеуі әлі іздестіріліп жатыр. Ал 8 маусымда жоғалған туристердің заттары табылды.

Кеше, 27 мамырда Назарбаев университетінің баспасөз қызметі Түркістан облысы тауларында жоғалып кеткен жеті саяхатшының алтауы ЖОО студенттері екенін хабарлаған болатын. 21 мамырда университеттің алты студенті және Кентау қаласы лицей-интернатының түлегі Түркістан облысындағы тауларға 4-5 күнге жаяу саяхатқа шыққаны хабарланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!