01 шілде 2021 10:51

Түркістан облысының тұрғыны полицейді түсірген видеосы үшін кешірім сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Видеодан алынған Фото: Видеодан алынған

Түркістан облысында полицейдің "пара алып жатқан" видеосы Желіде таралды. Полиция департаментіндегілер жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Түркістан облысында полицейдің "пара алып жатқан" видеосы Желіде таралды. Полиция департаментіндегілер жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Instagram әлеуметтік желісінде жарияланған видеодан жолдың шетінде тұрған полицей мен жүргізушіні көруге болады. Көлік жүргізушісі әмиянынан бір затты іздеп, кейін оны полиция қызметкеріне береді. Видео Ghetto Dogs тобының "На тебе денег" әнімен сүйемелденген.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Интернет-СМИ (@kris.p.almaty.official)

Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, көлік жүргізушісінен полицейдің "ақша алып жатқан" видеосы зерттеген.

"Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері жан-жақты тексеру жүргізді. Нәтижесінде оқиғаның 2021 жылы 30 маусымда болғаны анықталды. Жергілікті полция учаскелік инспекторы сағат шамамен 10:56-да жол ережесін бұзған Mercedes көлігін тоқтатқан.

Полиция қызметкері көлік жүргізушісінен әкімшілік хаттама толтыру үшін құжаттарын сұраған. Жағдайды пайдаланған ер адам видео түсіріп, Instagam-парақшасында жариялаған", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Сонымен қатар, полиция бейнежазбаны түсірген желі қолданушысы өз кінәсін мойындап, тұрғындардан кешірім сұрағанын айтты. Полицейлер жас жігітпен түсіндіру жұмыстарын жүргізген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети