Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Түркістанда дабыл қағып жүрген кортеж халықаралық тас жолды жауып тастады

01 Қазан 2015, 15:33
1

Интернетте Түркістанда болған тағы бір кортеждің видеосы пайда болды. Халықаралық тас жолда болған оқиғаны куәгерлер видеоға түсіріп алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

29 қыркүйекте, сағат 20.00-де Түркістан маңында Шымкентке қарай үйлену тойының кортежі өткен. Жол талғамайтын бірнеше көлік бір-біріне жол бермей, жолдың қарсы бағытына шығып кетті.

Жас жұбайлардың достары жол бойында "жылан" жасамақ болды. Олар полицейлер сияқты дабыл қағып жүрді. ОҚО ІІД видеоны тексеріп жатыр, олар әзірше пікір білдірген жоқ. Жолдағы қозғалыстың жаңа ережесіне сәйкес, қарсы бағытқа шығып кету үлкен жауапкершілікке әкеледі және көлік жүргізу құқығынан айыру арқылы жазаланады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Астана көшелерінде шоу ұйымдастырғандарға жаза қолданылған болатын. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай