Түркістанда Мемлекеттік рәміздер ұлықталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Түркістанда 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай, "Рәміздер алаңында" тұғырлы көк байрағымыз көкке көтеріліп, Әнұран шырқалған салтанатты іс-шара өтті.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Түркістанда 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай, "Рәміздер алаңында" тұғырлы көк байрағымыз көкке көтеріліп, Әнұран шырқалған салтанатты іс-шара өтті.

Мерекелік іс-шараға облыс әкімі Нұралхан Көшеров, мәслихат депутаттары, ардагерлер, мемлекеттік орган басшылары, зиялы қауым, белгілі спортшылар, қоғамдық пікір көшбасшылары, жастар, қала тұрғындары және БАҚ өкілдері қатысты.

"1992 жылы Мемлекеттік рәміздер бекітіліп, 4 маусым – айтулы күндер қатарына қосылды. Бүгінде Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұран – халқымыздың бойтұмарына айналды. Көк байрақ – айбарымыз, Елтаңба – елдігіміздің арқауы! Біздің қастерлі рәміздерімізді әлем мойындайды және құрметтейді. Біз – мұны зор мақтанышпен айта аламыз. Қазақстан мемлекетін құру, тәуелсіз елдің азаматы болу – тағдыр сыйлаған ұлы бақыт. Тәуелсіздікті сақтау – оның Рәміздерін құрметтеуден басталады. Әнұран, Ту және Елтаңба – барлық қазақстандықтардың мақтанышы, отаншылдықтың нышаны. Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу – әр азаматтың қастерлі міндеті! Бұл ретте жас ұрпақтың бойына оның маңызын түсіндіре білуіміз керек. Түркістан облысында да бұл бағытта тиісті жұмыстар жүруде. Әрбір отандасымыз Әнұранды шырқап, Көк туды қадірлесе – жарқын болашаққа жол ашылады. Көк байрағымыз биікте желбіресін, Тәуелсіз Қазақ елі жасай берсін!" – деді Нұралхан Көшеров.

Шара барысында облыс өнерпаздарының қатысуымен мерекелік концерт ұйымдастырылды. Мемлекеттік туды көтеру кезінде "Jana Lep" шығармашылық ұжымы мен мектеп оқушылары Мемлекеттік Әнұранды бір мезгілде орындады. Бұдан бөлек, патриоттық әуендер шырқалып, жігерлі жастарымыз өнерлерімен көпті тамсандырды.

Айта кетейік, облыста 26 Рәміздер алаңы мен ту тұғырлары бар. Биыл Мақтаарал мен Сауран аудандарында Рәміздер алаңын салынады деп жоспарлануда. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады.

Суреттер: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Tengrinews
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі ұсынған материал
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Алматыда нөсер жауады
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 521.92  course up  603.08  course up  6.66  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer