01 қазан 2024 | 11:21

Түркістанға жаңа әкім тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:gov.kz Фото:gov.kz

Түркістанның жаңа әкімі болып Әзімбек Пазылбекұлы тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Түркістан облысы әкімдігінің хабарламасына сілтеме жасап.


Түркістанның жаңа әкімі болып Әзімбек Пазылбекұлы тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Түркістан облысы әкімдігінің хабарламасына сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша, облыс әкімінің өкімімен Әзімбек Пазылбекұлы Түркістан әкімі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

Жаңа әкімді қаланың активіне облыс әкімі Дархан Сатыбалды таныстырды.

"Қалалық мәслихат депутаттары қала әкімі лауазымына ұсынылған Әзімбек Пазылбекұлының кандидатурасын қолдап, дауыс берді. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды шаһардың жаңа басшысына Түркістан қаласын дамыту, Түркі әлемінің орталығына айналдыру, туристік және экономикалық әлеуетін көтеру бағытында маңызды міндеттер жүктеліп отырғанын айтып, алдағы жұмысына сәттілік тіледі", - делінген хабарламада.

Әзімбек Пазылбекұлы 1991 жылы Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында дүниеге келген. Білімі – жоғары. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін, М.С.Нәрікбаев атындағы Қазақ мемлекеттік заң университетін және "Болашақ" университетін бітірген. Мамандықтары – мемлекеттік және жергілікті басқару, экономика, құрылыс, құқықтану.

Еңбек жолын 2013 жылы Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімі жетекші маманының міндетін атқарушы болып бастап, жетекші маман, бас маман қызметтерін атқарған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 484.48   531.35   5.03 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети