01 қараша 2018 11:44

Түркістанның жаңалықтары түркі тілдес елдерге де тарайтын болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі © Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін Түркістан қаласында өткен TÚRKISTAN: JAŃA AQPARATTYQ KEŃISTIK атты халықаралық медиа форумда бірнеше мемлекеттің БАҚ жетекшілерімен меморандумға қол қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Бүгін Түркістан қаласында өткен TÚRKISTAN: JAŃA AQPARATTYQ KEŃISTIK атты халықаралық медиа форумда бірнеше мемлекеттің БАҚ жетекшілерімен меморандумға қол қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметіндегілердің мәліметінше, осы құжат негізінде Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Татарстан және Қырғызстан республикаларының жетекші ақпарат құралдары мен Түркістан облыстық ішкі саясат басқармасы арасында әріптестік орнатылды.

"Түркияның TRT телекомпаниясының Астанадағы өкілдігінің ди⁠ректоры Абдулхамит Авшар мен Түркістан облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Бейсенбай Тәжібаев БАҚ саласындағы әріптестік және іскерлік байланыс орнату жөніндегі меморандумға қол қойды. Сонымен қатар, Қырғызстанның "Кабар" ұлттық ақпарат агенттігінің ІТ департаментінің ди⁠ректоры Калнур Жаныбаевпен, Татарстанның "Татар-информ" ақпарат агенттігі бас ди⁠ректорының орынбасары Рамис Латиповпен және Әзірбайжанның ITV телерадиокомпаниясының Қазақстандағы өкілі Мажиди Фузулимен де меморандум жасалды", - деп хабарлады ведомстводағылар.

Айтуларынша, осы меморандум арқылы Қазақстан мен Түркістан облысы туралы жаңалықтар түркі тілдес елдерге тарайды.

"TÚRKISTAN MEDIA халықаралық орталығы арқылы таратылады. Бұл жұмыстарды жүргізуге Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-да оқитын түркі тілдес елдердің студенттері ерікті түрде атсалысады. Түркістанның қызықты тарихы мен туристік орындары насихатталады. Сонымен қатар, түркі мәдениеті мен руханиятын, бауырлас халықтардың бірлігін нығайту бағытында да ақпараттық қолдау көрсетілмек. Екі тарап  ақпарат алмасу, өзара байланысты дамыту жолында ынтымақпен әрекет етуді көздеп отыр. Журналистика саласындағы жаңа технологияларды меңгеру, тәжірибе алмасу мәселесіне де көңіл бөлінеді", - дейді облыс әкімінің баспасөз қызметіндегілер.

Облыс әкімдігіндегілердің мәліметінше, жыл басынан бері Түркістанға 1 миллион турист келіп, өткен жылмен салыстырғанда 57,2  пайызға өсіп отыр. Ал 2025 жылға қарай туристердің санын 5 миллионға жеткізу көзделіп отыр екен.

Айта кетейік, форум қарсаңында Түркістанда TÚRKІSTAN MEDIA халықаралық орталығы ашылды. Енді қалаға сапарлап келген шетелдік және отандық журналистер осы орталықтың қызметін пайдалана алады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети