29 қазан 2019 12:40

Түрмеге отырғызайық - Тоқаев көлікті мас күйде тізгіндейтіндер жайлы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мас күйінде автокөлік жүргізгендерді бас бостандығынан айыруды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мас күйінде автокөлік жүргізгендерді бас бостандығынан айыруды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Президент Алматыға сапары аясындағы жиналыста қаланың тұрғындар үшін де, қонақтар үшін де қауіпсіз болуы керек екенін айтты. 

"Елімізде, оның ішінде Алматыда жол-көлік оқиғасының өте көп екені алаңдатады. Адамдар қаза тауып, жарақаттанып жатыр. Жол апатынан зардап шеккендер саны басқа елдердегі қарулы қақтығыстардан қаза табатындардың санынан аз емес. Жол қозғалысы мәдениеті қатты төмендеп кетті. Кешенді шаралар қолдану керек. Алкогольдің кез келген түрін кез келген мөлшерде қабылдап, автокөлікті басқарғаны үшін жазаны қатаңдатуды заңнамаға енгізуді тапсырдым. Бұл есірткі мен басқа да психотроптық заттарға қатысты.

Мас немесе есірткі және басқа да психотроптық заттарды қабылдаған соң саналы түрде тізгінге отырып, жол ережесін бұзғандардың бәрін түрмеге қамайық. Бұл - азаматтарымыздың заңды құқығына қарсы бағытталған ауыр қылмыс. Санасыз азаматтардың осындай әрекеттеріне солай жауап беруіміз керек. Мұндай қылмыстың ауырлығына байланысты қамап, ірі айыппұлдар салып, автокөліктерін тәркілеп, көлік жүргізу құқығынан өмір бойы айыру керек. Басқаша болмайды", - деді Мемлекет басшысы.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети