30 наурыз 2017 20:20

Уақытша тіркелмеген тұрғындар үшін пәтер иелеріне қашан айыппұл салынатыны белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

Уақытша тіркеуге тұрмаған тұрғындары бар пәтер иелеріне Ішкі мигранттарды тіркеу ережесіне өзгертулер енгізілгеннен кейін Әкімшілік жауапкершілік туралы заңның 793-бабы бойынша жаза қолданылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ-нің Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы Мұрат Қабденовке сілтеме жасап. 

Аталған бап бойынша 20-дан 100 АЕК-ке дейін айыппұл қарастырылған. 

Қазіргі кезде Ішкі мигранттар туралы заң Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауында жатыр. Бұл құжат Үкімет қарауына 2017 жылдың 28 ақпанында берілген. 

Комитет мәліметі бойынша, 2017 жылдың басынан осы бап бойынша тұрып жатпаған тұлғаларды тіркеуге алған 63 пәтер иесіне және көшіп кеткен адамдарды тіркеуден шығармаған 54 пәтер иесіне айыппұл салынды. 

Еске салайық, Ішкі мигранттарды тіркеу ережелеріне өзгеріс енгізілмегендіктен қазақстандықтар жаңа орында уақытша тіркеуге үш айда отыру керек. ІІМ өкілдері бұл мерзімді бір айға дейін қысқарту үшін осы өзгерістер жасалып жатқанын айтады. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети