02 маусым 2014 10:44

ҰБТ 2015 жылы да болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тұрар Қазанғапов ©Тұрар Қазанғапов

2015 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеуден бас тартылмайды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрінің орынбасары Тахир Балықбаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


2015 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеуден бас тартылмайды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрінің орынбасары Тахир Балықбаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"ҰБТ соңғы рет өткізіліп отыр деген әңгімеге келсек. Бұл олай емес, ҰБТ 2015 жылы да өткізіледі. Бізде білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бар, онда 2015 жылдан бастап, мектеп бітіру емтиханы форматының қайта қарастырылатыны айтылған. Бұл мәселелерді зерттейтін арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. Шешім қабылданған кезде хабарлайтын боламыз, бірақ бұл 2015 жылғы ҰБТ-ға қатысты емес", - деді Балықбаев.

Бұған дейін 2015 жылға қарай ұлттық бірыңғай тестілеудің алып тасталатыны хабарланған еді. 2015 жылдан бастап екікезеңді тестілеуге ауысудың жоспарланып отырғаны айтылды. ҰБТ екі кезеңге бөлінеді делінген еді: Ұлттық тестілеу және Кешенді тестілеу. "Бірінші кезеңде бес пән бойынша функционалдық сауаттылық сыналады, қазақ тілінен басқа пәндер жыл сайын өзгеріп отырады. Түлектердің өз ойын жеткізе білуін тексеру үшін эссе жазу қарастырылады. Ал екінші кезеңде талапкерлер жоғарғы оқу орындарына таңдаған мамандығына қарай пәндер блогы бойынша тәуелсіз тест тапсырады", - деп хабарлаған еді Білім және ғылым министрлігінің өкілдері.

Бүгін, 2 маусымда Қазақстанда ҰБТ тапсыру басталды, оған 92 077 түлек қатысады.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети