07 маусым 2016 16:02

ҰБТ-дан 125 балл жинаған түлектердің тізімі жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

ҰБТ ның алғашқы бес күнінде еліміз бойынша 17 түлек 125 балл жинады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. ҚР Білім және ғылым министрлігі 2016 жылғы 2-6 маусымдағы ҰБТ өткізу туралы ақпаратты жариялады.


ҰБТ ның алғашқы бес күнінде еліміз бойынша 17 түлек 125 балл жинады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. ҚР Білім және ғылым министрлігі 2016 жылғы 2-6 маусымдағы ҰБТ өткізу туралы ақпаратты жариялады.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 2 6 маусым аралығында өткізілген тестілеуге 78158 түлек қатысты, соның ішінде қазақ тілінде  56945, орыс тілінде 21213 түлек. Тестілеу бесінші күні 14 ҰБТӨП тің базасында өткізілді.

Тестілеудің бес күнінде мүмкін болған 125 балды 17 түлек жинады:

Матқалиева Динара Маратқызы, Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия, Алматы қаласы;

Мейірханова Аружан Ерланқызы, Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназия, Алматы қаласы;

Оспанова Рамзия Рамазанқызы, Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназия, Алматы қаласы;

Мұхаметкали Еркежан Досенқызы, №175 "Жаңа ғасыр" гимназиясы, Алматы қаласы;

Махамбетов Қалдыбек Ибрагимұлы, №169 мектеп лицей, Алматы қаласы;

Беркінова Ақнур Нұрболқызы, Қаратөбе мектеп гимназиясы, Батыс Қазақстан облысы;

Болат Кәмшат Болатқызы, №17 Семей мектебі, Семей қаласы;

Ержанов Нұрасыл Ержанұлы, №72 мектеп лицей, Астана қаласы;

Исмаилова Дана Сүйіндікқызы,  Х.Оспанов атындағы №3 мектебі, Павлодар облысы;

Маратова Ақерке Маратқызы, Абай атындағы мектеп, Шығыс Қазақстан облысы;

Усин Әділ Куатұлы, Қызылқақ мектебі, Павлодар облысы;

Балтабай Ерасыл Айтбекұлы, Б.Момышұлы атындағы №120 мектеп, Шымкент қаласы;

Әбубәкір Ақмарал Кенжеханқызы, А.Шерімқұлов атындағы мектеп, Оңтүстік Қазақстан облысы;

Кеңесбеков Абылай Еркінұлы, Мухамед Хайдар Дулати атындағы үш тілде оқытатын №8 мамандандырылған мектебі, Шымкент қаласы;

Тортай Аяжан Қайратқызы, М.Әуезов атындағы мектеп, Оңтүстік Қазақстан облысы;

Түгелбай Фариза Абайқызы, "№178 лицей" (Алматы қаласы);

Әбішев  Тілекберген Абдыманапұлы, №3 Қазақ - түрік лицкей интернаты, Жезқазған қаласы.

Тестілеудің бес күнінің нәтижесінде тыйым салынған заттарды қолданған және аудиторияда тәртіп бұзған үшін 37 түлек тестілеуден шығарылды, оның ішінде: ұялы байланыс телефондарын пайдалану - 19 түлек; емтихан материалдарын бүлдіру - 1 түлек; сұрақ кітапшаларды сыртқа шығару мақсатында оның ішіндегі ішкі беттерін ауыстыру - 17 түлек.

Тестілеу нәтижесімен келіспеген бітірушілердің келесі күні сағат 14:00-ге дейін әрбір пунктте құрылған апелляциялық комиссияға шағымдануға құқықтары болады. Апелляцияға өтініштер тест тапсырмаларының мазмұны бойынша да, техникалық себептер бойынша да қабылданады. Апелляцияға өтінішті беру барысында бітіруші әрбір тест тапсырмасы бойынша тестілеу нәтижелерімен келіспейтін негіздемесімен беру керек.

Тестілеудің төрт күнінде (3,4,5,6 маусым аралығы) Республикалық апелляциялық комиссияның қарауына барлығы 488 өтініш келіп түсті. Оның ішінде 118 тест тапсырмасы қанағаттандырылды, яғни жалпы тестілеудің үш күнінде қолданған тест тапсырмаларының 0,7 пайызын құрайды.

Негізінде бұл апелляциялар қазақ тілі, математика, биология және Қазақстан тарихы пәндерінен болды. Келіп түскен өтініштерді қанағаттандырудың негізгі себебі: әртүрлі авторлардың оқулықтарындағы оқылудың айырмашылығы; техникалық себептер, оның ішінде баспалық қателер.

Сонымен қатар, өту деңгейінен өте алмаған бітірушілер ағымдағы жылы қайта кешенді тестілеу тапсыру арқылы жоғары оқу орындарының ақылы негізде оқуға түсуге құқылы. Қайта кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштер жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларында тамыз айының 1-і мен 8-і аралығында қабылданады, ал тестілеу тамыз айының 19-ы мен 24-і аралығында өткізіледі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети