Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

ҰБТ-дан босатуға құқық беретін олимпиадалар тізімі қайта қаралады

25 Тамыз 2014, 14:04
0
©tengrinews.kz
©tengrinews.kz
Аслан Сәрінжіпов. ©ortcom.kz
Аслан Сәрінжіпов. ©ortcom.kz

ҰБТ-дан босатуға мүмкіндік беретін олимпиадалардың тізімі талданып, қайта қаралатын болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповке сілтеме жасап.

"Халықаралық олимпиаларға келсек, расында да, бізге облыстар мен жоғары оқу орындарынан соңғы жылдары олимпиадалар санының тым көбейіп кеткені жөнінде шағымдар түсті. Айталық, IEFL халықаралық түрде мойындаған олимпиадалар бар, Назарбаев университеті олимпиада жеңімпаздарын оқуға қабылдайды. Бірақ оларда барлығы бес олимпиада бар. Ал біздің тізімде шағын, аймақтық олимпиадалар бар, біз бұл олимпиадалардың деңгейі қаншалықты шындыққа сай, жеңімпаздардың шынымен де ҰБТ тапсырмай-ақ ЖОО-да оқу грантын алуға құқы бар ма, соны қайта қарауымыз керек", - деп жауап берді Сәрінжіпов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Tengrinews.kz тілшісінің сұрағына

"Сондай шарт енгізілген соң бірден олимпиадалар мен мұндай олимпиадаларға ақылы түрде қатыстыру қызметін ұсынатын ұйымдардың саны көбейіп кетті, балалар онда бару үшін ақша төлейді. Мәселе бар, біз олимпиадалар тізімін қайта қарауымыз керек, біз талдау жасап, нәтижесін айтатын боламыз", - деді министр.

Еске сала кетейік, бұған дейін осы мәселені Білім және ғылым министрінің бұрынғы орынбасары Мұрат Әбенов көтерген еді. "Өкінішке қарай, бір кездері сондай норманы енгізді - ҰБТ-дан олимпиада жеңімпаздары ғана емес, қатысушылар да босатылатын болды. Мүмкін, ол кезде олимпиадаға қатысушылар аз болған шығар, қазір көпшілігі түсініп, оның дәмін білді. Кез келген амалды қолданып, балаларын команда құрамына тығуға тырысады...", - деген болатын Әбенов.

Алматыда өткен тамыз кеңесінде қала әкімі Ахметжан Есімов Қазақстанның "Білім туралы" заңынан ғылыми жобалардың халықаралық байқауларының жүлдегерлері мен қатысушыларын ҰБТ тапсырудан босатуды алып тастауды ұсынған еді. "Тек қана жалпы білім беру пәндері бойынша өтетін халықаралық олимпиада жеңімпаздарын босатуды қалдыруды ұсынамын. Иә, бұл жақсы идея болатын, бірақ соңғы кездері бұл мүмкіндікті теріс ниетті азаматтар пайдаланатын болды", - деді Есімов.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай