26 қыркүйек 2020 17:16

ҰҚК Қазақстан шекарасын жасырын өткен түрікменстандық әйелдерге қатысты ақпаратқа пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық сурет. ©pixabay.com Иллюстрациялық сурет. ©pixabay.com

Ұлттық қауіпсіздік комитеті "Қазақстанда қалып қойған Түрікменстан азаматтары отанына жасырын оралды" деген ақпаратқа түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Ұлттық қауіпсіздік комитеті "Қазақстанда қалып қойған Түрікменстан азаматтары отанына жасырын оралды" деген ақпаратқа түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2020 жылы 25 қыркүйекте интернет жаңалықтар порталында осындай ақпарат жарияланған. Хабарламада 35 әйел Түрікменстанға жасырын қайтқаны туралы айтылады. ҰҚК баспасөз қызметі жаңалықтар порталдарындағы мәтінді жариялады.

"Гарабогаз" бақылау-өткізу пунктінде СОVID-19 пандемиясы үшін Қазақстанда қалып қойған Түрікменстаннның 35 әйел азаматы Түрікменстан-Қазақстан шекарасы арқылы түсініксіз тәсілмен өткен. Қазіргі уақытта олар Гарабогазда (бұрынғы Бекдаш) ауылдық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімшесінде карантинде жатыр. Алайда ресми түрде шекара жабық күйде қалып отыр", - делінген порталда.

Сонымен қатар мақала авторы ҰҚК Шекара қызметіне сілтеме жасай отырып, шекара жабық екенін және ол арқылы ешкімді өткізбегенін хабарлаған, бірақ ол шындыққа сәйкес келмейді.

"ҰҚК баспасөз қызметі 2020 жылдың наурызынан бастап Түрікменстан тарапы КВИ-ге байланысты мемлекеттік шекара арқылы адамдар мен көлік құралдарын өткізуді біржақты тәртіпте тоқтатқанын, Қазақстан тарапынан өткізу пункті жабылмағанын ресми түрде хабарлайды.

ҚР-дағы Түрікменстан консулдығының (Ақтау қ.) ресми өтінішіне сәйкес 2020 жылы 22 қыркүйекте "Темір баба" өткізу пунктінде (10.05-тен 12.00-ге дейін) ҚР-дан шығуға Түрікменстанның 42 азаматы (12 ер адам, 28 әйел, 2 бала) рәсімделген болатын", - делінген комитет хабарламасында.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети