ҰҚК өкілдері жоғалған қызметкерге қатысты мәлімдеме жасады

06 Қыркүйек 2017, 15:51
0
ҰҚК өкілдері жоғалған қызметкерге қатысты мәлімдеме жасады - Самат Шәкеев.
Самат Шәкеев.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері жоғалған қызметкерге қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сотқа дейінгі тергеу шеңберінде Астана қалалық ІІД өкілдерімен бірлесіп, істің мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шаралары кешені мен тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Із-түссіз жоғалып кеткен Сәкен Шакеевке қатысты іс сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркелді.

"ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеу деректері жария етілмеуге тиіс. Олар, егер бұл тергеу мүдделеріне қайшы келмесе және басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзуға байланысты болмаса, прокурордың рұқсатымен қандай көлемде жария ету мүмкін деп танылса, сол көлемде жария етілуі мүмкін", - деп хабарлады ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, 4 қыркүйекте Астанада ҰҚК қызметкерінің жоғалып кеткені хабарланған болатын. 32 жастағы Сәкен Шәкеевтің туыстары биылғы 21 тамызда ер адамның жұмыстан оралмағанын айтты. Әлі күнге дейін оның қайда екені белгісіз. Жұбайы Салтанат Шәкеева күйеуінің Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкері екенін және Астанада жұмыс істегенін хабарлаған еді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай