1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Үкіметтегілер мемқызметкерлерге смартфонды қайтару туралы ұсынысты қолдады

  • 2
© pixabay.com © pixabay.com

Таяуда мемлекеттік қызметкерлерге смартфон пайдалануға рұқсат берілуі мүмкін. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мемлекеттік органдар орналасқан ғимараттардың иелері полициядағылармен бірге нұсқаулыққа қол қоюы керек. Содан кейін ғана мемлекеттік қызметкерлер ғимаратта смартфондарды қолдана алады. Ақпараттық қауіпсіздік мәселесі назардан тыс емес екенін түсіну маңызды. Әрине, ақпараттық қауіпсіздік бұл - мемлекеттік қызметкерлер мен мемлекеттік орган басшыларының жауапкершілігі", - деді министр үкімет отырысынан кейін.

Жұмағалиев бүгінде қаулының үкіметке жолдандағынан және оны барлығы қолдағанын айтып өтті.

"Қаулы бүгін бекітілді. Ғимарат иелері мен полиция таяуда нұсқаулыққа қол қояды. Осыдан кейін ғана мемлекеттік қызметкер смартфон қолдана алады", - деді министр.

Мұның алдында қылмыстық және азаматтық процестердің цифрлық форматқа көшірілуіне байланысты мемлекеттік қызметкерлерге мемлекеттік орган ғимаратында смартфон қолдануға қайтадан рұқсат беруі мүмкін екені хабарланған еді. 

Еске салайық, 2016 жылдың наурызында барлық мемлекеттік органда қызметкерлер мен келушілерге смартфондарды пайдалануға тыйым салынған еді. Бұл шара мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс барысында мобильді құрылғыларды белсенді пайдалану мен ақпараттың WhatsApp арқылы сыртқа шығып кетуіне байланысты қабылданған болатын.