28 ақпан 2022 14:12

Украина-Польша шекарасынан 241 қазақстандық өтті - СІМ

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Қазақстанның 241 азаматы Украина-Польша шекарасын кесіп өтті, тағы 99 азамат шекарада кезекте тұр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстанның 241 азаматы Украина-Польша шекарасын кесіп өтті, тағы 99 азамат шекарада кезекте тұр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"28 ақпандағы жағдай бойынша Украина-Польша шекарасын Қазақстанның 241 азаматы кесіп өтті. Шекарада тағы 99 отандас күтіп тұр, олармен бірге Қазақстанның Киевтегі Елшілігінің дипломаттары бар.

Қазақстанның Польшадағы Елшілігі біздің азаматтардың шекарадан өтуін қамтамасыз ету үшін поляк тарапынан шекарада дипломаттардың тәулік бойы кезекшілігін қамтамасыз етті", - делінген хабарламада.

174 орынға есептелген "Эйр Астананың" эвакуациялық борты 28 ақпанда Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 09.50-де Атыраудан ұшып шыққаны атап өтілді. Катовице қаласына келетін уақыты - Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 14.00.

Катовице - Атырау бағыты бойынша кері рейс 28 ақпанда Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 15.30-ға жоспарланған.

Қазақстан азаматтары Катовицеге жиналып жатқандықтан, қосымша эвакуациялық рейстер де жоспарланған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети