31 мамыр 2023 10:50

Украинада "Вагнер" жасағына қосылған қазақстандыққа қатысты сот үкімі шықты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры видео кадры

Ресейде "Вагнер" қатарына қосылған Қазақстан азаматы Украинада 9 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот үкіміне сілтеме жасап.


Ресейде "Вагнер" қатарына қосылған Қазақстан азаматы Украинада 9 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот үкіміне сілтеме жасап.

Донецк облысы Дружковка қаласының соты 23 жастағы қазақстандық Шыңғыс Сейпиевке жалдамалы әрекет жасады деген айыппен үкім шығарды.

Сот шешімдері тізіліміне сәйкес, Шыңғыс Сейпиев Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы, Аққұдық ауылынан.

Сот үкімінде 2022 жылғы қазанда Сейпиевтің Украинадағы соғысқа қатысу үшін "Вагнер" құрамына арбап қосылғаны айтылған. Сол кезде ол Тюмень қаласындағы №2 түзеу колониясында зорлағаны үшін 10 жыл жазасын өтеп жатқан. Әуелі Ростов облысындағы оқу-жаттығу лагерінде әскери дайындықтан өтіп, желтоқсанда өзін-өзі жариялаған ЛХР қатарына түскен. 24 желтоқсанда Сейпиев Бахмут ауданының Яковлевка ауылына жіберілді, бір аптадан кейін, 30 желтоқсанда Украина Қарулы Күштерінің қолына тұтқынға алынды.

Украина қауіпсіздік қызметі былтыр қазанда "Вагнер" өкілдері Сейпиевке Украинаға қарсы соғысқа қатысу үшін ресейлік жеке компанияға қосылуды ұсынғанын хабарлады. Келісімшарт бойынша оған 200 мың рубль (шамамен 1,1 миллион теңге) және соттылығының күші жойылды деп уәде етілген.

Тергеу барысында Сейпиев өз кінәсін мойындап, Украина прокуратурасымен ынтымақтастықта болғаны атап өтілген. Келісім бойынша айыпталушы өз кінәсін мойындап, өкініп, басқа да қылмыстарды ашуда ынтымақтасқан. Өз кезегінде ол 9 жылға бас бостандығынан айырылған.

Tengrinews.kz тілшісі осы іске қатысты пікір алу үшін Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне жүгінді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.52   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети