23 желтоқсан 2014 11:41

ҰҚШҰ отырысында 20-дан астам құжатқа қол қойылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі ©ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына (ҰҚШҰ) мүше елдердің қорғаныс, сыртқы істер министрлері мен қауіпсіздік кеңестерінің хатшылары халықаралық аренадағы ынтымақтастық, жауынгерлік даярлық және экстремизммен күрес салаларындағы өзара іс-қимылды нығайтуға арналған бірқатар құжатты бекітті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Келесі жылы Ұжымдық жедел ден қою күштері мен ҰҚШҰ бітімгершілік күштерінің қатысуымен бірнеше оқу-жаттығу өткізуді жоспарлап отыр. Жиырмадан астам құжатқа, соның ішінде Ұжымдық жедел ден қою күштерін дамытуға, ҰҚШҰ әскери-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі мемлекетаралық комиссия туралы ережеге қатысты құжаттарға қол қойылды.

Айта кетейік, Ұжымдық авиациялық күштер туралы жоба туралы бастама біздің тарапымыз ҰҚШҰ-ға төрағалық еткен 2012 жылы көтерілген.

ҰҚШҰ төрағалығының Ресей Федерациясынан Тәжістан Республикасына көшуіне байланысты бүгінгі таңда Ауғанстан мен Таяу Шығыста қалыптасқан күрделі жағдайды ескере отырып, ұйымға мүше мемлекеттердің бірлескен іс-қимылдарын жетілдіруге ерекше көңіл бөлінеді

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы 2002 жылдан бері әрекет етеді. Бүгінгі таңда оның құрамына Қазақстанды қосқанда алты мемлекет кіреді. Біздің еліміз өңіраралық қауіпсіздік жүйесін әрі қарай нығайтуды, әскери және әскери-техникалық саладағы өзара іс-қимылды белсенді түрде қолдап келеді.

Еске сала кетейік, 23 желтоқсанда Мәскеуде ҰҚШҰ-ның Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясы өтеді, оған Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей мен Тәжікстан президенттері қатысады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети