28 сәуір 2023 13:27

Үлкендердің қарауынсыз қалған. Қостанай облысында жантүршігерлік оқиғадан екі бала қаза болды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Қостанай облысында болған қайғылы жағдай туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Қостанай облысында болған қайғылы жағдай туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Кеше Қостанай облысында қайғылы оқиға тіркелді. Отбасы тұрмысы төмендердің тізімінде болмаған. Алайда ана 2020 жылы туған бүлдіршіндерін үйде қараусыз қалдырған. Ол электр пешін қосулы қалдырып кеткен. Соның салдарынан сымдардың қысқа тұйықталуы болып, үй өртенген. Өкінішке қарай, 5 шаршы метрде балалар ыстан уланып, көз жұмды", - деді министр.

Осыған байланысты еліміздің бас құтқарушысы жас балаларды қараусыз қалдырмауды өтініп, барша ересектерге үндеу жасап, ата-ана жауапкершілігі мәселесін көтерді. Министр көптеген елдерде белгілі бір жастағы балаларды қараусыз қалдыру фактісінің өзі оларды ата-аналық құқығынан айыру қаупін төндірсе, қазақстандық заңнама осы тұрғыдан осал екенін атап өтті.

"Моральдық жағынан балаларынан айырылып тұрған адамдарды кінәлау қиын. Бірақ олар бұл үшін жауапқа тартылатыны сөзсіз. Шын мәнінде, өз баласының өліміне әкеп соқтырған ата-ананың әрекеті қылмыс болып табылады", - деп атап өтті министр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети