19 желтоқсан 2014 16:07

Ұлттық банк 500 теңгелік сопақ монеталарды айналымға шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©nationalbank.kz ©nationalbank.kz

"Қазақстанның фаунасы мен флорасы" монеталар сериясымен номиналы 500 теңге болатын "Бəйшешек" ескерткіш күміс монетасы айналымға шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


"Қазақстанның фаунасы мен флорасы" монеталар сериясымен номиналы 500 теңге болатын "Бəйшешек" ескерткіш күміс монетасы айналымға шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Рroоf сапасымен шыққан күміс монетаның пішіні сопақ. Бет жағында бəйшешек күлте жапырақшаларының бейнесінде Қазақстанның елтаңбасы, монетаның номиналын білдіретін "500 теңге" деген жазу мен Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі бейнеленген.

Монетаның сырт жағында бəйшешек гүлдерінен жасалған композиция бар. Монета 925 сынамалы күмістен жасалған, массасы – 31,1 грамм, таралымы – 3 мың дана.

"Номиналы 500 теңге болатын ескерткіш монета Қазақстанның бүкіл аумағында көрсетілген құнымен төлемнің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ банк шоттарына есептеу үшін жəне аударым жасау үшін қабылдануға міндетті, еліміздегі барлық банкте шектеусіз ұсақталады жəне айырбасталады", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, ескерткіш күміс монетаның бетіне алтын жалатылған, оны Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің "Қазақстан
теңге сарайы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кəсіпорны дайындаған. Монетаны Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің барлық филиалдарынан, сондай-ақ www.nationalbank.kz сайтының "Ұлттық валюта" парақшасындағы интернет-дүкен арқылы сатып алуға болады. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанның Ұлттық банкіне қазақ мемлекеттілігінің 550 жылдығына арналған бақырларды шығару ұсынылған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети