Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14 пайызға дейін көтерді

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені +/- 1,00 пайыздық тармақ дәлізімен жылдық 14 пайыз деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені +/- 1,00 пайыздық тармақ дәлізімен жылдық 14 пайыз деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Өтімділікті ұсыну тұрғысынан тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме 15 пайыз, ал өтімділікті алу бойынша тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме 13 пайыз болады.

Базалық мөлшерлемені көтеру туралы шешім геосаяси тәуекелдердің салдарынан инфляциялық қысымның күшеюі, әлемде, сондай-ақ Қазақстанның саудадағы серіктес елдеріндегі бағаның өсуі мен олардың елдегі ішкі бағаға ауысуы жағдайында  Ұлттық банктің инфляцияға қарсы саясат жүргізуге бейілділігін көрсетеді. Үш жыл бойы байқалып отырған оң фискалдық қарқын инфляциялық процестердің маңызды қозғаушы күші болып қала береді", - делінген хабарламада.

Ұлттық банктің мәліметінше, 2022 жылдың наурыз айында жылдық инфляция теңге бағамы әлсіреп, сұраныс көбейгенде және жеткізілім тізбегі бұзылғанда 12 пайызға (2022 жылғы ақпанда - 8,7 пайыз) дейін қарқын алды. Азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының жылдық өсу қарқыны, сәйкесінше 15,4 пайыздан (10 пайыз) және 10,9 пайызға (8,6 пайыз) жетті. Ақылы қызметтің құны 8,3 пайызға (7,1 пайыз) өсті.

"Инфляцияның тұрақты қалыпта үдеуі тауарлар мен қызметтердің кең спектріне бағаның өсуімен сипатталады, бұның өзі 2022 жылғы наурызда базалық инфляцияның айтарлықтай өсуімен расталады.

Инфляцияға қатысты күтулер бір орында тұрақтап қалған емес және ол жоғары құбылмалылықты көрсетуін жалғастырып келеді. 2022 жылдың наурыз айында жүргізілген сауалнама қорытындысы геосаяси ахуалдың нашарлағанын, ұлттық валютаның құнсыздануын көрсететін қоғамдық оптимизмнің төмендеуін және инфляциялық күтулердің айтарлықтай артқанын көрсетеді. Сөйтіп, инфляцияны бір жыл алға сандық бағалау 11,4 пайызды құрады", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 498.4  course up  519.76  course up  5.47  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer