19 наурыз 2021 11:09

Ұлттық банк Назарбаев бейнеленген тиын шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық банк Назарбаев бейнеленген тиын шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ұлттық банк Назарбаев бейнеленген тиын шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан Ұлттық банкі құрамдас бөлігінде алтын компоненті бар күмістен жасалған номиналы 1000 теңгелік "Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар" сериясынан "QAZAQSTANNYŃ ASTANASY – NUR-SULTAN" коллекциялық монеталарын шығарады.

"Номиналы 1 000 теңгелік, жалпы массасы 62,2 грамм, 925/1000 сынамалы күмістен, массасы 46,2 грамм, құрамдас бөлігі 999/1000 сынамалы алтыннан, массасы 16 грамм, "proof" дайындау сапасымен, диаметрі 50 милиметр монеталар 1 000 дана таралыммен дайындалған", - делінген Ұлттық банк хабарламасында.

Монеталар кәдесый орамында шығарылады және мемлекеттік тілде, орыс, ағылшын тілдерінде Қазақстан Ұлттық банкінің нөмірлік сапа сертификатымен жабдықталған. Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.

"Монеталар төлемнің барлық түрі бойынша Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қабылдануға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының барлық банкінде банк шоттарына есепке алынуға, аударылуға, ұсақталуға және айырбасталуға міндетті", - делінген хабарламада.

Монеталар сатылымға шығатын күнге қатысты ақпарат Ұлттық банктің ресми сайтында қосымша жарияланады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети