11 қаңтар 2022 16:13

Ұлттық банк валюталық интервенция жүргізуге дайын - мәлімдеме

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

ҚР Ұлттық банкі қаржылық тұрақтылыққа жәрдемдесу шаралары туралы мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР Ұлттық банкі қаржылық тұрақтылыққа жәрдемдесу шаралары туралы мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Банк өтімділігін қолдау үшін Ұлттық банк стандартты құралдарға қосымша Қазақстан қор биржасында (KASE) репо операциялары арқылы өтімділікті 3 айға дейінгі мерзімге қолдау тетігін пайдалана бастады", - деді ҰБ.

Алматы қаласы мен басқа да өңірлердегі ахуал тұрақталып, байланыс тетіктері рет-ретімен қалпына келуіне байланысты 2022 жылғы 12 қаңтардан бастап Қазақстан қор биржасының валюта алаңында сауда-саттық, екінші деңгейлі банктердің және банктік емес айырбастау пункттерінің валюталық айырбастау операциялары, сондай-ақ халықаралық төлемдер мен аударымдар қайта жанданады.

"Орын алған келеңсіз оқиғалар кезінде қаржылық тұрақтылыққа қолдау көрсету мақсатында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Ұлттық банк қажеттілікке қарай өзінің тікелей қатысуымен жағдай толық тұрақталғанша валюталық интервенциялар жүргізу және нарықтың ішкі, сыртқы қатысушылары тарапынан теңгеге деген сенімді қалпына келтіру арқылы валюта нарығының теңгерімділігін қамтамасыз етеді", - дедеі Ұлттық Банк.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети