23 қаңтар 2024 09:49

Ұлттық қордан баланың шотына ақша түскенін қалай тексеруге болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Ұлттық қордан балаларға берілетін қаражат 2024 жылдың 1 ақпанынан бастап төлене бастайды. Ата-ана баласының шотына төлем түскен-түспегенін қалай тексере алатынын - Tengrinews.kz материалынан білсеңіз болады.


Ұлттық қордан балаларға берілетін қаражат 2024 жылдың 1 ақпанынан бастап төлене бастайды. Ата-ана баласының шотына төлем түскен-түспегенін қалай тексере алатынын - Tengrinews.kz материалынан білсеңіз болады.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына берген жауабында бүгінде ата-ана баласы туралы деректердің дұрыстығын және олардың eGov.kz порталының жеке кабинетіне енгізілген-енбегенін тексеру қажет екенін хабарлады.

"Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы сайтында баланың жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) енгізу қажет болатын арнайы бөлім құрылады. Осының арқасында бала бағдарламаға қатысушы болды ма, көре аласыз.

Бұл ақпарат қордың веб-сайтында ақпанда балалардың шотына төлем түсе бастағанда пайда болады. Бұл қызметтер төлем жасалғаннан кейін жұмыс істей бастайды.

Ата-аналар немесе заңды өкілдер eGov.kz сайтындағы жеке кабинетінде әрбір бала туралы толық ақпаратты көре алады.

Жеке кабинетке кіргеннен кейін баланың ата-анасы "Цифрлық құжаттар" бөліміне өтуі керек.

Бұл бөлімде: "Менің құжаттарым", "Отбасы" және "Басқа құжаттар" бөлімдері бар. Аударым деректерін тексеру үшін төлемдер туралы толық деректер болатын "Отбасы" бөліміне өту керек.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети