1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Ұлы Отан соғысы жылдарында хабар-ошарсыз кеткен 500-ден астам сарбаз туралы ақпарат жиналды15 ақпан 2020, 18:21

Сурет: Хабар 24 Сурет: Хабар 24

Ертіс өңірінің іздеу жасақтары соңғы екі жыл ішінде Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза болып, хабар-ошарсыз кеткен 500-ден астам сарбаз туралы ақпарат жинаған, - деп хабарлайды "Хабар 24".

Соғыс даласында мерт болған  азаматтардың қаза болған жерлері анықталып, қайта жерленген. Бүгінде "Майдан жолы" жасағының мүшелеріне бейхабар кеткен жауынгерлердің туыстарынан өтініштер көптеп түседі. Іздеушілер жалпыға қолжетімді базалардан бөлек, мұрағаттарды өңдеуге көшкен. Осының арқасында талай азамат туралы ақпарат табылып, туыстарына берілген.

Мәселен, павлодарлық іздеушілер Ленинград облысының Киров ауданында ерлікпен қаза болған Мәукен Нығметовтың жатқан жерін тапты. Ол майданға Ақсу ауылдық аймағы қазіргі Айнакөл ауылынан  шақырылған.

Айта кетейік, жасақ белсенділері бұл іске волонтерлер де атсалысса дейді. Тұрғындар тарапынан түсетін өтініштер өте көп. Сонымен қатар, жергілікті қорғаныс істері жөніндегі департамент те көмекке келсе игі. "Бұл мекемеден әскерге шақырылған майдангер туралы мол мәлімет табуға болады", – дейді олар.

"Мұрағаттық іздеу оңай емес. Құжаттарда жауынгердің аты-жөні дұрыс жазылмауы мүмкін. Сол себепті, оның туысқандары, балалары туралы қосымша ақпарат сұралады. Кез келген ақпарат аса маңызды. Бүгінде іздеу әдістемесін шыңдау үстіндеміз. Мұрағатшыларды жұмылдырып,  жастарға іздеудің қыр-сырын үйретпекпіз", - дейді "Майдан жолы" іздестіру жасағының командирі Александр Шитов.  


Еуро бағамы 500 теңгеден асты