29 наурыз 2021 16:05

"Үйге жете алмаймыз". Алматы тұрғындары шағын аудандағы батпаққа шағымданды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Шағын аудан тұрғындарынан Фото: Шағын аудан тұрғындарынан

Алматыдағы тағы бір шағын аудан қар мен жаңбырдан кейін батпаққа батқан. Мұзтау тұрғындары (бұрынғы Бутаковка ауданы - ескерт.) үйіне жету қиындап кеткеніне шағымданды. Әкімдікте жағдайға қатысты түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыдағы тағы бір шағын аудан қар мен жаңбырдан кейін батпаққа батқан. Мұзтау тұрғындары (бұрынғы Бутаковка ауданы - ескерт.) үйіне жету қиындап кеткеніне шағымданды. Әкімдікте жағдайға қатысты түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Tengrinews.kz редакциясына Медеу ауданының тұрғындары шағымдарын айтып хабарласты. Адамдар үйіне жету үшін көліктерін жолға тастап, балшықпен жаяу жүруге тура келетінін айтты. Тұрғындардың бірі зейнеткер Людмила Ковалева бұл жағдай Мұзтау шағын ауданында екінші жыл қайталынып жатқанын мәлімдеді.

"Бәрімізде бір-бірден резеңке етік бар. Үйден шығып 500 метрге дейін жаяу барамыз, кейін аяқ киімді ауыстырамыз. Мен зейнеткермін, су қатып қалған кезде оны тасу да қиын. Дүкенге де шыға алмаймыз. Жедел жәрдем де бұл жолдармен жүрмейді. Көшелер тар, балшықтан өту мүмкін емес", - деп шағымданды Людмила Ковалева.

Сумен жабдықтау жұмыстары басталғаннан кейін көшелер батпаққа батты, дейді тұрғындар.

"Сумен жабдықтау жүргізілетінін білгенде қатты қуандық. Бірақ соңы бұлай болады деп ойламадық. Жаңбыр мен қар жауса проблема басталады. Бұрын үйге екі жолмен кіруге болатын еді. Олар екі жақты да қазып тастады. Бір өтінішіміз, тым болмаса бір кіреберіске адамдар қиналмай өте алатындай жол салып берсе дейміз", - деді Людмила Ковалева.

Әкімдік қазіргі уақытта Мұзтау (бұрынғы Бутаковка) шағын ауданы аумағында орналасқан Замартас көшесіндегі жол жабынын қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады.

"Алматы су" қаланың осы бөлігінде су құбыры мен кәріз жүйесін төсеу және Бейсеуов шағын ауданының орталық көшесіне асфальт жабынын төсеу жұмыстары өткен жылы толық аяқталғанын түсіндірді. Алайда карантиннен кейінгі құрылыс кестесіндегі кешігулерге байланысты Айдарлы және Замартас көшелерін абаттандыру бір жылға кейінге қалдырылған.

"Бұл көшелерге асфальт-бетон жабынын төсеу ауа райы қолайлы болған кезеңде басталады. Оны биыл мамырда аяқтау жоспарланып отыр", - деп мәлімдеді "Алматы су"  баспасөз қызметі өкілдері.

Айта кетейік, балшыққа батқан Алматы көшелері түсірілген видео ақпанның ортасынан бастап желіде пайда болды.

Кейін халыққа есеп беру кездесуі барысында Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев тұрғындардан жағдайға түсіністікпен қарауды сұрады. Оның айтуынша, қазір көшелерді асфальттау мүмкін емес, өйткені бетон зауыттары жұмыс істемейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети